Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды

04 мамыр, 2018, 15:45 2594
Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын бақылайтын Қоғамдық кеңес құрылды

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жаңадан құрылған кеңестің Төрағасы мен Хатшысын тағайындады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес "Нұр Отан" партиясы Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын қадағалау бойынша Қоғамдық кеңес құруға бастамашылық танытты. Оның құрамына еліміздегі жетекші саяси партиялардың басшылары, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері, азаматтық белсенділер мен сарапшылар кірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын қадағалау бойынша құрылған Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы барысында аталған кеңестің Төрағасы мен Хатшысын тағайындады.

Мәулен Әшімбаев іс-шараны ашып беру барысында Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясына, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен азаматтық қоғам өкілдеріне Президенттің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын қадағалауды тапсырғанын атап өтті. Бұл жаңадан құрылған Қоғамдық кеңестің міндеті болып саналады.

"Бұл қызмет пен бақылау басқа да саяси партиялар мен ұйымдар, кәсіподақтар, үкіметтік ұйымдар, қоғамдық пікір көшбасшыларының да қатысуымен іске асырылуы керек деп санаймыз. Яғни бұл жұмысты барлық қоғамның бірлесе атқаратын ісі деп білеміз. Осы кеңес аясында бұдан да басқа саяси ұйым өкілдерін, біздің блогерлерімізді көргім келеді, сол себепті де бұл кеңесті осындай пішімде құрып жатырмыз. Біздің алдымызда өте көп міндет тұр, алайда осындай құраммен баршамыз бірлесе белсенді түрде жұмыс істеп, қойылған барлық мақсатқа қол жеткіземіз деп сенемін", - деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев жаңадан құрылған кеңесті басқаратын және аталған жұмысты жүргізетін басшы қажет екенін атап өтті.

"Жалпылай қарағанда, мұнда әртүрлі саяси партия мен қоғамдық ұйым өкілдерінің бар екенін ескере отырып, мұны өзімнің басқаруым дұрыс болмас деп есептеймін. Сондықтан мен сіздерге Кеңес төрағасы ретінде Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты – Бақытжан Жұмағұловты сайлауды ұсынамын. Оның кәсіпқойлығы, ұйымдастырушылық қабілеті, әлеуметтік саладағы білімі мен тәжірибесі біздің кеңесімізде сәтті төрағалық етуде үлкен көмек болады деп сенемін. Оның бұл жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыратынына еш күмән жоқ", - деді "Нұр Отан" партиясының Бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасар Мәулен Әшімбаев кеңес Хатшысы ретінде Фархат Қуанғановты тағайындауды ұсынды.

"Мен "Нұр Отан" партиясының Хатшысы Фархат Қуанғанов біздің кеңесіміздің Хатшысы болса көңілге қонымды болады деп ойлаймын. Ол орталық аппарат пен біздің бөлімшелеріміздің ресурстарын белсенді түрде іске асырады деп сенемін", - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Президенттің бес бастамасы #Мәулен Әшімбаев #тағайындау

Читайте также

Похожие новости