Бес ел басшылары бірлесіп, бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберді - Жаңалықтар | BNews

Бес ел басшылары бірлесіп, бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберді

12 тамыз, 21:29 2276 Маңғыстау облысы
Бес ел басшылары бірлесіп, бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберді

Сондай-ақ, елдер көшбасшылары шығыс ертегілерінің желісіндегі театрландырылған би қойылымын тамашалады.

Қазақстан Президенті бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақтау қаласының теңіз жағалауы арқылы өтетін жаңа нысан – "Жартас жолын" аралап көрді.

Бұл көрікті жерде жаяу жүргіншілерге арналған орындар салынып, петроглифтер бейнелеген, сондай-ақ мұнда теңіз көрінісін тамашалауға арналған алаңдар мен табиғи үңгір орналасқан.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірлесіп, қолдан өсірілген 500 ақсерке балығын теңізге жіберді.

Сондай-ақ, елдер көшбасшылары шығыс ертегілерінің желісіндегі театрландырылған би қойылымын тамашалады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары