Бесжүзмыңыншы жолаушыны ұшақ бортында гүл және музыкамен қарсы алды - Жаңалықтар | BNews

Бесжүзмыңыншы жолаушыны ұшақ бортында гүл және музыкамен қарсы алды

07 наурыз, 2018, 15:33 1709 Астана
Бесжүзмыңыншы жолаушыны ұшақ бортында гүл және музыкамен қарсы алды

Сондай-ақ, оған компанияның кез келген бағытында қатынауға мүмкіндік беретін әуе билетін сыйға тартылды.

QAZAQ AIR әуеокомпаниясы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өзінің бесжүзмыңыншы жолаушысын тасымалдады, деп хабарлады әуеокомпанияның баспасөз қызметі.

Астана – Алматы бағыты бойынша қатынаған IQ-358 рейсінің бақытты жолаушысына арнап опералық әншілер сапар барысында қазақ және итальян тілдерінде музыкалық құттықтаумен қатар, гүл, естелік жүлде мен компанияның кез келген бағытында қатынауға мүмкіндік беретін ваучерді сыйлап берді.

Естеріңізге сала кетсек, аймақтық әуетасымал орындаушысы алғашқы сапарын 2015 жылдың тамыз айында орындаса, бүгінгі күні QAZAQ AIR Қазақстан Республикасының 11 қаласын байланыстырып, 13 бағытына қатынайды.

"QAZAQ AIR" АҚ коммерциялық басқарма департаментінің директоры Адель Даулетбек компанияға сенім білдірген әрбір жолаушысы алғыс білдірді.

"QAZAQ AIR-дің әрбір жолаушысы бізге сенім арттырғанына алғыс білдіріп, отандастарымыз бізді таңдап жатқанын аса бағалайтынымызды атап кеткіміз келіп отыр. Компаниямыздың қызметтері жолаушылар көңілдерінен шығатыны біз үшін өте маңызды", – екенін атап кетті Адель Даулетбек.

Сондай-ақ, ол сапа қызметін жақсартып, жолаушылар қашанда жайлы сапар шегетініне кәміл сенетінін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар