«Big open talks» форматында кездесу өтті

Написать нам
29 қазан, 2018, 19:38 1672 Қызылорда облысы
«Big open talks» форматында кездесу өтті

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауын жүзеге асыруды талқылау мақсатында «Big open talks» форматында кездесу өтті

Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Т.Тілес, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ж. Алдабергенов, «Орда» қауымдастығының төрайымы А.Тобжан және жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар комитеттерінің төрағалары, оқушылар мәслихатының депутаттары, студенттер, облыстың белсенді жастары, БАҚ өкілдері қатысты. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов Жолдаудың басым бағыттарына және келер жылғы жоспарларға кеңінен тоқталды. Мұнан соң сөз алған Ғ.Мұратбаев сыйлығының иегері, Журналистер одағының мүшесі Есет Табынбаев жастардың руханияты ұлттық құндылықтар мәселелеріне кеңінен тоқталды. Жаңақорған аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әлібек Әкімбек атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Ал Сырдария ауданы, Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің ағылшын пәнінің мұғалімі, «Үздік жас маман»  номинациясының иегері Жакиева Айдана өсөзінде облыстық жас мұғалімдер ассосациясын құруды ұсынды. Келесі сөзді «Қызылорда Бизнес Хаб» ЖШС директоры, «Zhasproject» жобасының жеңімпазы Жандос Оразмаханов алып, жастарды кәсіппен кеңінен айналысуға шақырды.

Кездесу еркін форматта өткендіктен жастар өздерінің ой ұсыныстарымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Жиын соңында Сыр жастары "Жастар жылын" бірлікпен атап өтетіндіктерін жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!