Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа барады - Жаңалықтар | BNews

Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа барады

01 тамыз, 16:16 1649
Биыл 3000 қазақстандық қажылыққа барады

Бүгінгі таңда 1500-ге жуық адамның визасы дайын.

Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа 3000 қазақстандық аттанады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

"Сауд Арабиясы тарапынан 3000 орынға квота бөлінді. Қазақстандық қажыларды 18 компания апарады. Өтініш бергендердің қатарына 16-89 жас аралығындағы азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге барады", - деді ҚМДБ өкілі Нұрқанат Байзақов.

Оның айтуынша, биылғы қажылықтың ерекшелігі - бірыңғай киім киетіндігінде.

"Бұрын 18 компания 18 түрлі киіммен апаратын. Енді биыл киім бір, тек киімдегі логотип қана әртүрлі болады", - деді Нұрқанат Байзақов.

Биыл қажылық сапарының құны 4400-5000 АҚШ доллары шамасында.

"Қажылық сапарының құны көрсетілетін сервиске, тамаққа, қонақүйдің алыстығы мен жақындығына байланысты болады", - деді ол.

Қажылар қасиетті орындарға отандық Scat және Сауд Арабиясының Fly Nas әуекомпанияларының ұшақтарымен жетеді. Биыл рейстер Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан ұшады. Қажылардың алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шықса, елге 1 қыркүйекке дейін оралуы тиіс.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары