Биыл Алакөл түбегейлі өзгереді – Даниал Ахметов - Жаңалықтар | BNews

Биыл Алакөл түбегейлі өзгереді – Даниал Ахметов

02 наурыз, 19:46 2451 Шығыс Қазақстан облысы
Биыл Алакөл түбегейлі өзгереді – Даниал Ахметов

Алакөл жағасын көркейтуге 817 млн теңге бөлінеді.

Туризм саласын дамыту мақсатында 2018 жылы Алакөлдің жағалауын абаттандыру мен жол жөндеу аяқталады. Жұмыс толық облыстық бюджет есебінен жүреді, деп хабарлайды BNews.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы, сондай-ақ, Өскемен мен Семей қалаларынан Жалаңашкөл стансасына дейін теміржол қатынасы іске қосылмақ.

Шығыс Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше ден қойылып отыр. Жыл басынан облыстық бюджет есебінен Алакөлдің жағалауы абаттандырылып, жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталады.

"Алакөлдің жағалауын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады. Біз туристік инфрақұрылымды кеңейту әрі жақсарту ісін басты міндет етіп отырмыз. Осыған орай, бюджеттен осы жылы 817 млн. теңге бөлінеді. 700 млн. теңгеден астам қаражатқа Алакөлден бастап елді мекендерге дейінгі жол жөнделеді. Сондықтан Алакөлдің биыл түбегейлі өзгеретініне сендіремін", - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде.

Аймақ басшысының айтуынша, соңғы 2 жылда жалпы 4,3 млрд теңгеге өңірдің негізгі туристік бағыттарындағы жолдар жөнделді.

Биыл тағы Алакөлге бастар теміржол қатынасы да жолға қойылмақ. Яғни, енді көлге Семей мен Өскеменнен тек 2 мың теңгеге жетуге болады. Бұл жаңашылдық әр шығысқазақстандыққа шипалы Алакөлде демалуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

`