Биыл "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында қауіпсіздік жүйесінің жаңа тәсілі енгізілмек - Жаңалықтар | BNews

Биыл "АрселорМиттал Теміртау" шахталарында қауіпсіздік жүйесінің жаңа тәсілі енгізілмек

16 наурыз, 2018, 14:57 3208 Қарағанды облысы
Биыл

Жаңа қауіпсіздік жүйелері өндірістік жарақаттар мен қайғылы жағдайларды болдырмау үшін енгізіледі.

"АрселорМиттал Теміртауда" өндірістік жарақаттар мен қайғылы жағдайларды болдырмау үшін биыл жаңа қауіпсіздік жүйелерін енгізу жоспарланып отыр. Кеншілер камера, динамика, оттек және метан құрылғыларымен жабдықталады, деп хабарлайды BNews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі құрылығы шамға, тағы екеуі аккумуляторға орнатылады. Сондай-ақ, шамға бейнекамера мен динамик орнатылады. Осылайша, диспетчер жер астындағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын және метан деңгейін бақылай алады. Егер кеншілердің бірі 15 минуттан артық қозғалмаса, онда бірден дабылқаққыш құрылғы іске қосылады.

Жаңа қауіпсіздік жүйесін "АрселорМиттал Теміртаудың" атқарушы директоры Вадим Басин "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың кәсіпорынға жұмыс сапары барысында таныстырды.

"Біз осы жүйені дайындаған Сібірдегі СУЭК компаниясы арнайы бардық. Биылғы жылы біз бұл жүйені шахталарымыздың бірінде, келесі жылы тағы екеуінде енгіземіз. Осылайша, 3-4 жылдан соң, менің ойымша барлық сегіз шахтада осы қауіпсіздік жүйесі жұмыс жасайтын болады", - деп түсіндірді Вадим Басин.

Мәулен Әшімбаев жаңашылдықты қолдап, ел үшін қазақстандықтардың денсаулығы мен өндірістегі қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 10 наурызда Костенко атындағы шахтаның желдету түйісімі учаскесінде өрт шығып, кеншілер эвакуацияланған шыққан болатын. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжам бойынша өртке "табиғи құбылыс" себеп болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар