Биыл Астанаға 600 млрд теңге инвестиция тартылды

11 Октября, 2018, 14:56 4196
Биыл Астанаға 600 млрд теңге инвестиция тартылды |  | BNews.kz

Бұл өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көп.

Осы жылдың 8 айы ішінде инвестиция көлемі 598 млрд теңгені құрады, оның ішінде 158 млрд шетелдік инвестиция. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда үш есеге көп, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ішкі инвестицияның да үлесі 10,2-ден 26,5%-ға дейін өсті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн теңге тарту жоспарланып отыр.

"Өткен жылы инвестиция көлемі рекордтық көрсеткішке жетті, яғни 957 млрд теңге. Оның 200 млрд теңгесі – шетелдік инвестиция. Бұл 2016 жылға қарағанда үш-төрт есеге көп көрсеткіш", - деді бюджет, экономика, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік мәселесі бойынша Астана қалалық мәслихатының комиссиялық отырысында қалалық инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина.

Ал мәслихат депутаты Гайдар Касенов заманауи технология саласындағы жобаларды, өндірістік секторларда қызмет көрсету саласы мен сауда қатарларын дамыту қажеттігін айтып өтті.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13987

Похожие новости