Биыл iKomek орталығының қызметкерлері 318 мың шағым тіркеген

14 шілде, 2018, 15:09 2417 Астана
Биыл iKomek орталығының қызметкерлері 318 мың шағым тіркеген

Орталық жетекшісінің айтуынша, қызметкерлерге қоңырауларға жауап беру үшін 16 секунд беріледі.

Бүгін iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына БАҚ өкілдері келді.  iKomek орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова журналистерге орталықтың қалай құрылғанын және қазіргі таңда көрсеткіштердің нәтижесі қандай екендігімен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ол орталықтың Астанада өмір сапасын арттыруда қалай жұмыс істеп жатқанын, қаланың проблемасын жүйелі түрде шешіп, елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатқандығын айтты. Одан басқа, iKomek орталығының атқарып отырған 6 бағыттағы жұмысы мен 28 саладағы қызметі таныстырылып өтті. 

"iKomek орталығы – 24/7 бойы жұмыс жасайтын Астана тұрғындарына арналған әмбебап көмекші. Орталық қаладағы барлық саланы қамтамасыз ететін қызмет бойынша кеңес береді, тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдайды, әлеуметтік желілерде мониторинг өткізеді, әлеуметтік желі арқылы шағымдарға жауап ұсынады. 2018 жылдан бастап 318 мың шағым тіркелген", – деді Жанат Дубирова.   

Оның айтуынша, тиімді көрсеткіштер бар, соның ішінде 16 секунд ішінде – қоңырауға жылдам жауап беру, 10 минутта – әлеуметтік желіге әрекет ету, 7 күн ішінде – шағымдарды қарау және жауап ұсынуы тиіс. 

"Біздің iKomek орталығының қызмет көрсету каталогында операторлардың бірінші хабарласқан сәттен-ақ жауап беретін 770-ден астам қызмет түрі бар", – дейді Жаннат Дубирова. 

Сонымен қатар, орталықтың базасында орналасқан GPS-мониторингі мен Астана қаласы әкімдігі жобалық кеңсесінің қалалық бейнебақылау жүйесі де көрсетілді.  Егер бірінші жобаның көмегімен қала бойынша онлайн-режимде жұмыс істейтін коммуналдық қызмет пен транспорт құралдарын бақылау мүмкін болса, нәтижесінде қаланы ұстап тұру үшін қаржылай шығынды оңтайландыруға болады. Жобалық кеңсе қалалық әкімдіктің портфелдік жобасын жүргізу үшін ашылған және де оның орындалуы үшін 440-қа жуық мониторинг жасалды. 

Бұдан бөлек, орталықтың қоғамдық өмірдің сапасын жақсартуға бағытталған басқа да бастамалары туралы айтылды. Мысалы, өмірді қамтамасыз ететін объектілердің рейтингін құру, елорда тұрғындарының пікірін есепке ала отырып қабылданған шешімдердің тиімділігі үшін қала басшылығы деңгейінде проблемалы сұрақтарды анықтау жұмыстары. 

Жобада қауіпсіздікке қатысты қала жолдарында ЖКО қайтыс болғандардың саны азайғаны байқалуда. Өткен жылмен салыстырғанда ЖКО қайтыс болғандардың саны 35% төмендегені белгілі болды, (өткен 2017 жылдың жартысында ЖКО-дан 20 өлім болса, 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 13 өлім тіркелген). 

Сондай-ақ Астана қаласы ІІД мәліметінше жобаны іске асыру барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң әсері болған: 524 қылмыс ашылған (кісі өлімі – 4, қарақшылық – 2, тонау – 29, ұрлық – 236, жарысу – 19 және басқа да қылмыс саны – 234). 

Жалпы алғанда, жоба  қоғамдық орындардағы қылмыстың 29% төмендеуіне алып келген, 2018 жылдың 5 айы ішінде 32845 әкімшілік құқық бұзушылық, ұсақ бұзақылық – 3133, қоғамдық орындарда ішкілік фактілері – 3893, ЖЖЕ бұзу – 37, басқа да – 21213. 

"Сергек" жүйесі де жоба басталғалы қалада 492 мың көлік барын тіркеді, бұл жол қозғалысын жақсартуға мақұлдама беруге және талдау жасауға мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: