Биыл ОҚО-да "Нұрлы жер" бағдарламасымен 730 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады - Жаңалықтар | BNews

Биыл ОҚО-да "Нұрлы жер" бағдарламасымен 730 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылады

Биыл ОҚО-да

Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға өсіп отыр.

Биыл 730 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысында былтыр "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 721,1 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 36,2 пайызға өсіп отырғандығын көрсетеді.

Тапсырылған үйлердің 436,2 мың шаршы метрі көпқабатты болса, 284,9 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй.

Басқарма басшысының айтуынша, өткен жылы 233 инвестициялық жоба іске асырылған. Олардың құрылысына ҚР Ұлттық қоры, республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен 66,4 млрд. теңге қаралған болатын. 

"Биыл облыс аумағында жалпы республикалық және облыстық бюджеттен бағытталған 52,5 млрд. теңгеге жалпы 186 инвестициялық жобаның құрылысын іске асыру жоспарда. Сондай-ақ, өткен жылы жоспардағы 233 нысанның 115-і пайдалануға берілді. Қалған 118 нысан 2018 жылға өтпелі. Ұлттық қордан "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 20 мектеп пайдалануға тапсырылды. Қалған 15 мектеп 2018 жылға өтпелі", - деді Құттыбек Рахматуллаұлы.

Бұдан өзге, өткен жылы облыста мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын аудандарда жүргізу үшін инженерлік коммуникацияларға жалпы сомасы 8,9 млрд. теңгеге 21 нысанның құрылысы жүргізілді. Жыл қорытындысымен 8 нысан пайдалануға тапсырылған.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары