Биыл Павлодар облысында тоғыз айда 9 мыңға жуық сәби дүниеге келді

19 қараша, 2018, 11:21 1174 Павлодар облысы
Биыл Павлодар облысында тоғыз айда 9 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 15,78 нәрестені құрады.

2018 жылы тоғыз айдың ішінде өңірде туылғандар саны 8903 адамды құрады, деп хабарлайды BNews.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық статистика департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,9%-ға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 15,78 нәрестені құрады.

"АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 251 адамға немесе 6,9%-ға төмендеп, 3374 адамға жетті", - дейді департаментте.

Қайтыс болғандар саны – 5529, яғни 0,2%-ға төмен. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 9,80 қайтыс болғандарды құрады.

1 жасқа дейінгі 48 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 22,6%-ға кеміді. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. Соның салдарынан 32 нәресте қайтыс болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар