Биыл ШҚО-да "Нұрлы жер" бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады - Жаңалықтар | BNews

Биыл ШҚО-да "Нұрлы жер" бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

23 ақпан, 16:23 1355 Шығыс Қазақстан облысы
Биыл ШҚО-да

Шығыс Қазақстан облысында 380 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 638 баспана пайдалануға берілді.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Жолдауын түсіндіру аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескенде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысында 380,0 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 638 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 1347 жеке үй). 2017 жылы барлық қаржы көздерінен Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысына 39,0 млрд. теңге бағытталды", - деп атап өтті Қасымбек.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында мемлекеттік қаржы көздерінен 19,7 млрд. теңге бөлінді (15,7 млрд. теңге жұмсалды, ал қалған қаржы биылғы өтпелі нысандарға бөлінеді).Мемлекеттік инвестициялар есебінен 101,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (1624 пәтер).

"Биыл Шығыс Қазақстан облысында "Нұрлы жер" бағдарлама бойынша тағы 3064 пәтер немесе 185,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр", - деді министр.

 Жұмыс сапарының аясында Жеңіс Қасымбек  "Өскемен ЖЭС" ЖШС, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты" ЖШС, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ ұжымдарымен кездесті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары