Биыл СҚО-да бес миллион тоннадан астам астық жиналды

27 қараша, 2018, 18:15 1667 Солтүстік Қазақстан облысы
Биыл СҚО-да бес миллион тоннадан астам астық жиналды

Бір жылдың ішінде дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімдік экономикалық индикатор оң өсім көрсетіп, 10,34% құрады. Сала бойынша тоқталсам, үйлерді пайдалануға беру 12,8%, ауыл шаруашылығы 1,9%, өнеркәсіп өндірісі 7%, құрылыс жұмыстары 11,8%, бөлшек сауда 0,6%, көлік 4,4%, байланыс 7% өсті", - деді облыс басшысы.

Құмар Ақсақалов өнеркәсіп саласы облыс экономикасын ілгерілететін негізгі сала болып отырғанын, осы орайда, өнеркәсіпке 64 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

"Жыл сайын еліміздегі астық өнімдерінің 30% және майлы дақылдардың 40% астамы біздің облыста өндіріледі. Биыл 19 центнерден өнім алынып, 5,3 млн тонна астық жиналды. Жалпы, бір жылдың ішінде дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды", - деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ ол майлы дақылдардан түскен түсім 25 млрд теңгеге артқанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар