Биыл СҚО-да бес миллион тоннадан астам астық жиналды

27 Ноября, 2018, 18:15 1960
Биыл СҚО-да бес миллион тоннадан астам астық жиналды |  | BNews.kz

Бір жылдың ішінде дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды.

Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімдік экономикалық индикатор оң өсім көрсетіп, 10,34% құрады. Сала бойынша тоқталсам, үйлерді пайдалануға беру 12,8%, ауыл шаруашылығы 1,9%, өнеркәсіп өндірісі 7%, құрылыс жұмыстары 11,8%, бөлшек сауда 0,6%, көлік 4,4%, байланыс 7% өсті", - деді облыс басшысы.

Құмар Ақсақалов өнеркәсіп саласы облыс экономикасын ілгерілететін негізгі сала болып отырғанын, осы орайда, өнеркәсіпке 64 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты.

"Жыл сайын еліміздегі астық өнімдерінің 30% және майлы дақылдардың 40% астамы біздің облыста өндіріледі. Биыл 19 центнерден өнім алынып, 5,3 млн тонна астық жиналды. Жалпы, бір жылдың ішінде дәнді дақылдардан түскен табыс 61 млрд теңгеге ұлғайды", - деді Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ ол майлы дақылдардан түскен түсім 25 млрд теңгеге артқанын айтты.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13983

Похожие новости