Биылғы тамыз айында жұмыссыздар саны 440 мың адамды құрады - Жаңалықтар | BNews

Биылғы тамыз айында жұмыссыздар саны 440 мың адамды құрады

12 қыркүйек, 15:27 417
Биылғы тамыз айында жұмыссыздар саны 440 мың адамды құрады

Биылғы жылдың шілде айында атаулы ақшалай табыс 77 272 теңгені құрады, деп хабарлайды Вnews.kz.

2017 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 77272 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы шілдеге қарағанда 3,5% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% төмендеді.

2017 жылғы тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 148160 теңгені құрады.

«2017 жылғы тамызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 437 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы тамыздын соңына 143,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,6%»,- делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар