Білікті жаттықтырушылар Ақмола облысындағы теннисті дамытумен айналысады - Жаңалықтар | BNews

Білікті жаттықтырушылар Ақмола облысындағы теннисті дамытумен айналысады

08 қараша, 2017, 16:28 1854 Ақмола облысы
Білікті жаттықтырушылар Ақмола облысындағы теннисті дамытумен айналысады

Аймақта материалдық-техникалық базаны күшейтіп, үлкен теннис спортшыларын дайындау үшін білікті жаттықтырушыларды тарту көзделіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Ақмола облысының әкімшілігінде үлкен теннисті дамытудың кешенді даму жоспары талқыланды. Осыған байланысты жақын арада болатын өзгерістер туралы әкімнің орынбасары Асхат Қайнарбекұлы айтып берді.

«Балалар мен жасөспірімдер арасындағы теннисті дамытудың жолдарын өзгерту керек. Барлық бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуы қажет. Осы орайда материалдық-техникалық базаны күшейтумен қатар, білікті жаттықтырушыларды тартқан дұрыс. Спортшылар кәсіби  тұрғыдан өсу үшін, әр түрлі деңгейдегі шет елдік  жарыстарға қатысып, Ақмола өңірінде де ірі турнирлер ұйымдастырылу керек»,- деді Асхат Қайнарбеков.

Сондай-ақ тұрғындарды теннис кортына келуге үйрету керек.

Ақмола облысы бойынша «Теннис федерациясы» РҚҰ-ның филиалы әкімшілікпен бірлесіп 2018жылға арналған теннисті дамыту жоспарын құрды.

Көкшетаудағы теннис орталығында төрт жаттықтырушы мұғалім жұмыс істейді. Облыс басшылығының кәсіпкерлік және өндіріс баспасөз қызметі хабарлағандай, мұнда ақысыз топтардан өзге, 140 адамды қамтитын ақылы сабақтар да өткізіледі.

Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Надежда Патюткинаның айтуынша, балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде теннис бөлімін ашу мәселелесі шешілуде.  

Асхат Қайнарбекұлы дене шынықтыру мен спорт басқармасына теннисті дамытуға(балалардың жарыстарға қатысуы, іс сапарлар, жабдық сатып алу) қажет қаржылық шығындарды есептеп, бекітуді тапсырды Туризм басқармасымен бірлесіп 2018 жылдың жаз мезгілінде «Rixos Borovoe» мейманханасының теннис кортында әуесқой спортшылар арасында халықаралық турнир өткізу мәселесі талқыланды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына осы үлкен шараға сәйкес серіктестер мен демеушілер тарту тапсырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: