Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

06 тамыз, 2018, 10:54 2269 Астана
Білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия жұмысын аяқтады. 

Бүгін грант иегерлерінің толық тізімі онлайн түрде жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парағында келесідей ақпарат жарияланды:

"Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады. Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:
https://egemen.kz/
https://kazpravda.kz/
www.testcenter.kz
@testcenterBot телеграм бот

Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланатындығын естеріңізге саламыз. Тізіммен жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, таныса аласыздар", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар