БҒМ Президент Жолдауын іске асыруға кірісті

15 қаңтар, 2018, 18:04 1387
БҒМ Президент Жолдауын іске асыруға кірісті

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова Елбасы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағыты аясында білім беру саласын ырықтандыру туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім берудің жеке озық жүйесін құруды жеделдету керектігін атап өткен болатын. Атап айтқанда, білім беру мекемелері арасында бәсекелестікті арттыру және жекеменшік капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізіледі. 

Б. Асылова айтып өткендей, Мемлекет басшысы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағыты аясында білім беру жүйесінде таяу перспективаға қызметтің нақты бағыттары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Жолдауды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша ведомстволық жоспарды әзірлеп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, білім беру саласын ырықтандыру бағыттарының бірі ретінде экономикалық тұрғыдан жеке инвестицияларды тартуды айтуға болады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, білім беру саласы сұранысқа ие, рентабельді және инвесторлар үшін қызықты. Жеке инвестицияларды тартудың табысты мысалдарының бірі «Балапан» бағдарламасын іске асыру болды.

Осылайша, аталған бағдарламаны іске асырғаннан бастап жеке инвестициялар есебінен 2336 жекеменшік балабақша мен шағын орталықтар ашылды. Жеті жылда аталған бағдарламаны іске асыруға шамамен 900 млрд теңге бөлінді.

«ҚР БҒМ аталған бағытта жұмысты жалғастыруда. Жолдауда айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мектептерінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды одан әрі енгізу жоспарланған», - деп атап өтті Бибігүл Асылова.

2017 жылы «Білім беру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мүмкіндігі пайда болды. Бүгінгі таңда нақты нәтижелер бар. Осылайша, 2013 жылдан бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру орта білім беруде апробациялануда, ал Ақтөбеде биылғы жылдың басынан бастап жекеменшік мектепте пилоттық жоба жүзеге асырылады.

Шымкент қаласында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен жекеменшік мектептерде 3310 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланып отыр.

Астана қаласында сонымен қатар биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен 3721 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастыру жоспарланған.

«Бұл бағытта әкімдіктерге білім беру саласына жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға сәйкес бюджет қаражатын қарастыру міндеті жүктеледі», - деп атап өтті Бибігүл Асылова.

Апробация нәтижесінде алынған Астана және Шымкент қалалары мысалындағы мектептерді басқарудың жаңа тәжірибесі өзге өңірлерде толық масштабты жан басына шаққандағы қаржыландыруда қолданылатын болады.

Жан басына шаққандағы тетікті енгізу туралы сұраққа жауап берген Б. Асылова мектептерді мемлекеттік мекемелерден шаруашылық басқару құқығымен мемлекеттік кәсіпорындарға қайта ұйымдастыру жоспарланғанын айтып өтті. Қазіргі уақытта заңнамаға өзгерістер әзірленуде.

«Аталған ұйымдастырушылық-құқықтық форма біздің мектептерге экономикалық тұрғыда едәуір дербес болуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жан басына шаққандағы қаржыландыру құралы бірқатар мәселелерді, оның ішінде оқытушыларды ынталандырумен байланысты мәселелерді шешеді», - деп түйіндеді вице-министр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Елбасы Жолдауы #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости