Денсаулық сақтау саласындағы инвестиция көлемі үш есе ұлғайды – Тимур Сүлейменов - Жаңалықтар | BNews

Денсаулық сақтау саласындағы инвестиция көлемі үш есе ұлғайды – Тимур Сүлейменов

20 наурыз, 11:28 4755 Астана
Денсаулық сақтау саласындағы инвестиция көлемі үш есе ұлғайды – Тимур Сүлейменов

Ішкі жалпы өнім құрамындағы денсаулық сақтау көрсеткіші 1,9 немесе 460 млрд теңгені құрады.

2017 жылы денсаулық сақтау саласында инвестиция көлемі үш есе ұлғайды. Бұл туралы Ұлттық экономика минстрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"2017 жылы бағдарламаны жүзеге асыруға 180,3 млрд теңге бөлінді, оның 176 млрд теңгесі немесе 97,7% игерілді. Мониторинг көрсеткендей, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесін берді. Оның дәлелі медициналық-демографиялық көрсеткіштер. Денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштері экономика саласыныкі тәрізді оң серпінге ие", - деді Үкімет сағатында министр.

Ол сондай-ақ, 2017 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында денсаулық сақтау секторына инвестиция көлемі 1,4 есе яғни 2016 жылғы 61 млрд-пен салыстырғанда 91 млрд-қа дейін ұлғайғанын айтты.

"Өсу көлемі негізінен жеке инвестиция  арқылы және мемлекеттік жеке-меншік серіктестік жобалары тарапынан ұлғайып отыр. 2016 жылы 2,4 теңгеге бір ғана келісімшарт жасалған еді. Ал 2017 жылы мемлекеттік жеке-меншік серіктестік аясында 33 жоба бойынша 20 млрд теңгеге келісімшарт жасалды", - деп атап өтті Тимур Сүлейменов.

Жалпы "Денсаулық" деп аталатын денсаулық сақтау бағдарламасы халықтың денсаулығын нығайту арқылы елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына; аурудың алдын-алу және емдеу жолдарын жетілдіруге, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру және тиімді басқару; ресурстарды қолдану тиімділігін арттыру және сала инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар