Бір жылда Қазақстанның халқы 1,3 пайызға өскен

16 қараша, 2018, 11:33 2602
Бір жылда Қазақстанның халқы 1,3 пайызға өскен

Оның ішінде қалалықтар – 10 597,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7 737,1 мың адам (42,2%).

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 18 334,3 мың адамға жетті, деп хабарлайды BNews.kz economy.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде қалалықтар – 10 597,2 мың (57,8%), ауылдықтар – 7 737,1 мың адам (42,2%).

"Бұл көрсеткіш 2017 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде республикалық маңызы бар қалалар арасында ең көп өсімге Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) ие болды" - делінген ҚР ҰЭМ таратқан ақпаратта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар