Бір жылда ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 6,6% артты

09 қаңтар, 2019, 13:06 1194
Бір жылда ҚТЖ желісі бойынша жүк айналымы 6,6% артты

Жалпы жүктің 170 млн тоннасы Қазақстан ішінде тасымалданса, 84,7 млн тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша эксплуатациялық жүкайналымы 2018 жылы 222,5 млрд тонна-шақырымды құрап, 2017 жылдың көрсеткішінен 6,6% асты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Жүк тиеу 254,8 млн тоннаны құрап, 2017 жыл деңгейінен 13 млн тоннаға артты. Соның ішінде 170 млн тоннасы Қазақстан ішінде тасымалданса, 84,7 млн тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді.

"Теміржолшылар әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалын толық көлемде қамтамасыз етті. Тас көмірдің 105 млн тоннасы тиелсе, бұл 2017 жылға қарағанда 3% жоғары болды. Ел ішінде 72 млн тонна қатты отын тиелсе, бұл 2017 жылғыдан 4% асты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, астық тиеу 11,5 млн тонна болса, бұл 2017 жылғы деңгейден 35% артса, соның ішінде экспот – 8,8 млн тоннаны құрап, 2017 жыл көрсеткішінен 52% асты. Ұңтақ өнімдерінің 3,5 млн тоннасы тиелсе, бұл 2017 жыл деңгейінен 3% көп.

Бұдан басқа, 2018 жылы негізгі барлық номенклатуралық жүктер бойынша өсім байқалды. Осылайша, темір рудасын тиеу 2017 жылғы деңгейден – 8%, түрлі-түсті руда – 5%, құрылыс жүктері 6% артты.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#«Қазақстан темір жолы» #жүк айналымы #экспорт

Читайте также

Похожие новости