Бір жолы мен Әбләзовке 2 млн долларды ақшаға айналдырып бергенмін – куәгер Тоқмәдидің ісі бойынша - Жаңалықтар | BNews

Бір жолы мен Әбләзовке 2 млн долларды ақшаға айналдырып бергенмін – куәгер Тоқмәдидің ісі бойынша

22 ақпан, 16:21 1711 Жамбыл облысы
Бір жолы мен Әбләзовке 2 млн долларды ақшаға айналдырып бергенмін – куәгер Тоқмәдидің ісі бойынша

Мұхтар Әбләзов басқарған ақша айырбастау пунктінің кассирі қаржылай ірі сомаларды БТА Банкіне қалай апарғаны туралы айтып берді.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі банкир Ержан Тәтішевті өлтірген деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. Қашқын олигарх Мұхтар Әбләзовтің қаржылай құйтырқылықтары және оған ақшалай ірі соманы бергендігі туралы "Астана индекс" ақша айырбастау пунктінің кассирі Елена Тутик айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Астана Индекс" Әбләзовтің иелігіндегі "Астана холдинг" компаниясының үлестес компаниясы болып есептеледі.

"Мен қала бойынша бірнеше желісі болған "Астана Индекс" ақша айырбастау пунктінің кассирі болып жұмыс істедім. Менің міндетіме валюта сатып алу мен сату кіретін. Сол уақытта компания директоры Асхат Сейітов болатын", - деді Елена Тутик.

Айта кетейік, осыған дейін сотта Асхат Сейітовтің інісі – Талғат Сейітов растап, Мұхтар Әбләзовтің қолма-қол ақшаға айналдырылған қаржысын жеткізіп беру схемасы туралы айтып берген болатын. Елена Тутик сотта сол уақытта бұл туралы білмегенін атап өтті.

"Сол кезде мен мұның қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыру екенін түсінген жоқпын. Ол теңге алып келіп, бағам бойынша доллар алып кететін, сондықтан да мен мұны қолма-қол ақшаға айналдырумен байланыстырған жоқпын. Егер кассада ақша болса, бірден беретінбіз. Сома әртүрлі болатын, бұл бір-екі айда бір рет болып тұратын", - деп айтты куәгер.

Елена Тутиктің айтуынша, бірде оларға айтарлықтай көп соманы – 2 млн долларды қолма-қол ақшаға айырбастауға тура келген.

"Сондай сомалар болды. Шамамен екі миллион. Сома ірі көлемде болғандықтан, біз бұл соманы айырбастау пунктерінен, банктерден сатып алдық. Шамамен бір апта, 10 күн ішінде жинадық. Асхат бұл сома Әбләзовке арналғанын айтқан. Бұл жағдай, мүмкін, 2004 жылдың көктем-жаз кезінде болған", - деп сөзін толықтырды Елена Тутик.

Ол кассирдің жеке өзі БТА Банкінің кеңсесіне бірнеше рет ақша апарып бергенін нақты айтты.

"Жеке – ия, мұндай болды. Мен Ефимовамен (БТА Банкінің есепшісі – ред. ескертуі) бірге ең көп дегенде 100 мың доллардан 300 мың долларға дейін қаржыны БТА Банкіне Асхаттың өтініші бойынша апарып бергенмін", - деп атап өтті куәгер кассир.

Естеріңізге сала кетейік, Таразда Мұратхан Тоқмәдиге қатысты сот отырысы өтіп жатыр, ол 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отыр.

Банкир Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты куәгер Ерлан Атамқұлов 90-шы жылдардың соңында болған жағымсыз оқиға туралы айтып, "Ол көмектесуге әрекет жасамады" деп Тоқмәдиге мінездеме берді. Осыдан кейін ол сотталушы Мұратхан Тоқмәдимен байланысын мүлдем үзген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары