Біріккен Араб Әмірлігінен қазақстандық экстрадицияланды - Жаңалықтар | BNews

Біріккен Араб Әмірлігінен қазақстандық экстрадицияланды

10 қаңтар, 15:16 1929
Біріккен Араб Әмірлігінен қазақстандық экстрадицияланды

Тергеу деректері бойынша ол алаяқтық жасап, жалған құжатпен жеті автокөлікті сатып жіберген, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды.

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының әрекеттесуімен елге жеткізілді.

Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен ол автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.

Келтірілген шығынның жалпы көлемі 30 млн. теңгені құрады. Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары