Біз антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық – Назарбаев

29 тамыз, 2018, 16:32 4974 Астана
Біз антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық – Назарбаев

Мемлекет басшысы бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бүгінгі кездесу Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні өтіп отырғанына тоқталып, бұл күнді белгілеуге Қазақстанның бастамашы болғанын айтты.

"Бәрі де 1991 жылғы 29 тамызда әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының жабылуынан басталған болатын. Содан кейін Невадада және басқа да полигондарда сынақтар тоқтатылды. Біз ядролық қару-жарақтан бас тарттық және соның арқасында антиядролық қозғалыс көшбасшыларының қатарына қосылдық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Лассина Зербо Қазақстан Президентімен кездесудің осы күні өтуінің символдық мәнін атап өтіп, өзі жетекшілік ететін ұйымның жер бетіндегі ядролық сынақтарға қарсы тұру және бейбітшілікті сақтау жолында күш жұмылдыра беретінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында Қазақстанның антиядролық бастамаларына үнемі атсалысып жүргені үшін Лассина Зербоға алғыс білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар