Бізде не істелсе де, барлығы "Рухани жаңғыру" – Павлодар облысының әкімі - Жаңалықтар | BNews

Бізде не істелсе де, барлығы "Рухани жаңғыру" – Павлодар облысының әкімі

14 ақпан, 19:56 1599 Павлодар облысы
Бізде не істелсе де, барлығы

Павлодар облысының басшысы аймақтағы "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асырылып жатқан жұмыстарға наразы.

Павлодар облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыруға шамадан тыс тырысқан, деп хабарлады Pavon.kz.

Астанада 9 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент аймақтарды дамыту жұмыстарының қорытындысы туралы айтып, әр шенеуніктің мәселесіне жеке-жеке тоқталды.

Павлодар облысына "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруда шамадан тыс күш салынған, оның логотипі шын мәнінде бұқаралық іс-шараларда көрініп тұрудың орнына, халықтың сана-сезімін жаңғыртуда жанама сипатта көрінген. Мысалы, бағдарламаның аясында балалар арасында еңбектеуден жарыс ұйымдастырған, мультфильмдер көрсетілген, тіпті көшелердің атауын өзгерткен.

"Мемлекет басшысы кейбір аймақ басшыларының бағдарламаны жүзеге асыру барысында формалды және жүйеден тыс әрекетін атап өтті. Олардың қатарында біздің де облысымыз бар", - деді облыс әкімі Болат Бақауов өзі өткізген аппараттық жиында.

Елбасы Павлодар облысынан басқа, мемлекеттік бағдарламаның орындалуын іске асыруда бұрмалаушылыққа жол берген Солтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облыстарының басшыларын сынға алды.

"Сіздер маған бәрі жақсы деп баяндама жасайсыздар, бірақ бізге ескерту берілді. Мен сізге былтыр да айтқанмын: қайда болса, сонда қоса бермеңдер деп. Бізде не істелсе де, барлығы "Рухани жаңғыру". Тіпті ескертулері бар кітап та шығардыңыздар. Мен оны сізге қайтарып беремін", - деді Болат Бақауов өзінің орынбасары Мейрам Бегентаевқа.

Сондай-ақ, облыс әкімі бұл бір реттік акция емес, жүйелі жұмыс болуы керектігін, көптеген аймақ тұрғындары бұрынғыша "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі мақсаттары туралы білмейтінін нақты атап өтіп, Ішкі саясат басқармасына мемлекеттік бағдарламаны кеңінен насихаттауды тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары