Біздің ата-бабамыз мұнайшы болып па еді? – Сапарбаев жұмыссыз жүргендерді сынады - Жаңалықтар | BNews

Біздің ата-бабамыз мұнайшы болып па еді? – Сапарбаев жұмыссыз жүргендерді сынады

21 ақпан, 16:31 1104 Ақтөбе облысы
Біздің ата-бабамыз мұнайшы болып па еді? – Сапарбаев жұмыссыз жүргендерді сынады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев атпалдай азаматтар қарттардың зейнетақысы мен балалардың жәрдемақысына күн көріп отырғанына қатысты наразылығын білдірді.

Тұрғындармен кездесу барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ата-анасының зейнетақысы мен балаларының жәрдемақысына өмір сүріп отырған ақтөбеліктерді сын тезіне алды, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыс әкімі аудандарға барған сапары туралы айтып берді. Әкім атап өткендей, ауылдардың басым бөлігінде жұмыссыздық белең алған, ал тұрғындардың басым бөлігі қарттардың зейнетақысы мен балалардың жәрдемақысына күн көріп отыр. Ауыл тұрғындарының көбі басты мәселе жұмыссыздықта деп, қалаға көшіп жатыр. Ал қалаға келген соң күнін көре алмай жергілікті биліктен жәрдем сұрайды.

"Мүгедектерден үлгі алу керек. Олар бізде өте белсенді. Мысалы, қоларбаға таңылған Шахан есімді жігіт жеке кәсібін ашты. Ол пандустарды салады. Ауылда қол-аяғы сау адамдар әке-шешесінің зейнетақысы мен балалардың жәрдемақысына өмір сүреді. Мен оларға "Сен бидай егіп, мал өсірсеңші" дедім. Ал ол маған, "Мен мұнайшы болғым келеді" дейді. Біздің ата-бабамыз мұнайшы болып па еді?  Дұрыс бағытты таңдау үшін, ойлау қабілетімізді өзгертуіміз керек", - деді әкім.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары