"Бизнес жол картасы 2020" 30 жоба қолдау тапты

30 қазан, 2018, 10:03 922 Қызылорда облысы

Елбасы өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында осыдан 8 жыл бұрын іске қосылған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы айтқан болатын. Өңірлерге жасаған іс-сапарлары кезінде аталған бағдарламаның тиімділігі көп екеніне көз жеткізгенін айтып өткен Елбасы оны 2025 жылға дейін ұзарту керек деп шешкен болатын.

Кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының орындалуы жыл өткен сайын Қызылорда қаласында да қарқын алып келеді. Бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы 55 жоба ұсыну жоспарланған. Қазіргі таңда, «Өңірлік үйлестіру кеңесінен» 1 млрд.  681 млн. 775 мың теңгені құрайтын 30 жоба қолдау тапты.

Жыл басынан бері қалаға қарасты елді мекендерден қайтарымсыз грант алуға құны 426 млн. теңгені құрайтын 171 жобаның құжаттары конкурстық комиссия қарауына ұсынылып, жалпы құны 63 млн. теңгені құрайтын 52 жоба қолдау тапқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23 жобаға, яғни 55,7 пайызға артып отыр. Өткен жылы 43 млн. теңгені құрайтын 29 жобаға қайтарымсыз қаражат берілген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!