БҚО-да алаяқтар жалған 20 мың теңгеліктермен есеп айырысқан   - Жаңалықтар | BNews

БҚО-да алаяқтар жалған 20 мың теңгеліктермен есеп айырысқан  

08 ақпан, 16:39 1605 Батыс Қазақстан облысы
БҚО-да алаяқтар жалған 20 мың теңгеліктермен есеп айырысқан  

Бір топ адам облыс аумағындағы дүкендер мен базарларда жалған ақшамен тауарлар сатып алғаны анықталды.

Батыс Қазақстанада алаяқтар жалған 20 мыңдықтармен есеп айырысқан. Бүгінде мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері зардап шеккендерді іздестіруде, деп хабарлады "Мой ГОРОД".

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың қаңтар айында олар дүкендер мен базарларда жалған ақшамен есеп айырысып жүрген бір топ адамды ұстады. Ақшаның нөмірлік сериясы  АА 0000000 болған. Кейіннен бұл банкноталар жалған екені анықталды.

Осыған байланысты департамент қызметкерлері аталған оқиға бойынша зардап шеккен адамдарды 53-84-27 сенім телефоны бойынша хабарласуларын сұрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары