Назарбаев Зырян қаласын Алтай деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды

3 Января, 2019, 18:32 3472
Назарбаев Зырян қаласын Алтай деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды |  | BNews.kz

Сондай-ақ, БҚО-да Бәйтерек ауданы пайда болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданын Бәйтерек ауданы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етті.

"Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Бәйтерек ауданы болып қайта аталсын", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында. 

Сондай-ақ, Президент Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданын және Зырян қаласын Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа да қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етті.

"Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын", - делінген хабарламада.

Осы Жарлықтар алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13988

Похожие новости