БҚО-да балалар үйінің тәрбиеленушілері "Нұрлы жер" бойынша баспана алды - Жаңалықтар | BNews

БҚО-да балалар үйінің тәрбиеленушілері "Нұрлы жер" бойынша баспана алды

БҚО-да балалар үйінің тәрбиеленушілері

Батыс Қазақстан облысында былтыр тұрғын үй құрылысы 42 пайызға өсіп, барлық қаржы көздері есебінен 380 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді.

Оның 115 мың шаршы метрі "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтерген. Ал биыл осы негізде Оралда 18 көп қабатты және аудандарда 123 бір пәтерлі үйлер салу жоспарланған. "Нұрлы жер" бағдарламасының қарқын алуы өңірдегі құрылыс индустриясының дамуына да оң әсер етіп отыр, деп хабарлады 24.kz.

Өткен жылы Оралда жалпы саны 1287 пәтерлік 8 көп қабатты тұрғын үй тапсырылды. Оның 7-і ипотекалық несиеге берілсе, біреуі кезекте тұрғандарға арналған. "Нұрлы жер" бағдарламасымен баспана алғандар қатарында Жақиевтер отбасы да бар. 26 жасар Махамбет пен зайыбы Әлия жетім балалар үйінің түлектері. 

"Бізде алдымызға қойған мақсат болды. Әрине әр адамның мақсаты пәтерлі, баспаналы болу. Осы пәтерді берді, өте қуаныштымыз. Елбасымызға рахмет айтқым келеді", - деді Махамбет Жақиев. 

Тек былтырдың өзінде 50 мың шаршы метр баспана салып тапсырылған. Құрылыс кезінде отандық өнімдерге басымдық беріледі.

"Үй қаңқасы өзіміздің комбинаттан шығады. Баспалдағы болсын, жары болсын, төбесі, балконы болсын. Ішкі үйдің әрлеуіне келгенде линолеум Қазақстанда шықпайды, оларды Ресейден сатып алады. Қалғанының бәрі әрлеуші тегістегіш дейді, сылақ дейді, бәрі қазақстандық материалдар"- деді құрылыс компаниясының жетекшісі Асқар Қосжанов.

"Нұрлы жер" бағдарламасының мультипликативті әсері де орасан. Қарқынды құрылыстың нәтижесінде құрылыс индустриясы да дамып келеді. 2017 жылы облыста осы салада өндірілген өнім көлемі 11,7 млрд теңгені құрады. Әсіресе керамзит бетон бұйымдарын шығару айтарлықтай артқан.,

"40 пайызы шығарған өнімдердің "Нұрлы жер", "Ақбұлақ" таза су бағдарламасына бағытталған. Екі үйге тапсырыс түсті, соған шығарып жатырмыз", - дейді керамзит-бетон зауытының директоры Бақытжан Нұрбаев.

Батыс Қазақстан облысында былтыр барлық қаржы көздері есебінен 380 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілген еді. Биыл да құрылыс қарқынын бәсеңдетпейміз, - дейді мамандар. Өңірде мемлекеттік бағдарлама аясында 18 көпқабатты үй салу жоспарланған. Бұл мақсатқа 16,4 млрд теңге қаржы қарастырылған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары