БҚО-да ірі жол апаты болып, бір адам қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

БҚО-да ірі жол апаты болып, бір адам қайтыс болды

05 наурыз, 16:29 1489 Батыс Қазақстан облысы
БҚО-да ірі жол апаты болып, бір адам қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы 5 наурыз күні орын алды.

"Уральск-Трекино" тас жолында  бетпе-бет "Газель" және Volkswagen Passat маркалы автокөліктері соқысқан. Қатты соққыдан ішінде жолаушылары бар "Газель" жол шетіне шығып қалған. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Жол-көлік оқиғасы орнына жол сақшылары мен жедел жәрдем көрсету дәрігерлері келді. БҚО денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гүлнәр Әбрахманованың айтуынша  барлығы апаттан үш адам зардап шекті. Оның біреуі қайтыс болды.

"Бізге хабар таңертеңгі сағат 8:21-де түсті. Жол апатынан үш адам зардап шекті. Оның біреуі оқиға орнында жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Қалған зардап шеккендерді қалалық ауруханаға жеткізілді", - деді ол.

Volkswagen Passat автокөлігі қайта жөндеуге келмейді. Полиция апат салдарын анықтауда.  Айта кетейік, БҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңыздағы бірнеше жол жабылған еді. 

Ұқсас жаңалықтар