БҚО-да киіктерді атқан браконьерлерге 331 млн теңге айыппұл салынды

23 қараша, 2018, 19:12 3110 Батыс Қазақстан облысы
БҚО-да киіктерді атқан браконьерлерге 331 млн теңге айыппұл салынды

Биыл браконьерлікпен айналысқан 21 тұлға ұсталды.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп киікті қорғау, оны заңсыз аулаудың жолын кесу және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мақсатында кешенді шаралар жүргізуде, деп хабарлайды BNews.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл браконьерлікпен айналысқан 21 тұлға ұсталып, сегіз факт бойынша сот үкімдері шықты.

"99 бас киікті атқан қылмыскерлерден мемлекет пайдасына барлығы 331 млн теңге залал өндірілді, бірнеше қару-жарақ жойылып, 6 қаршана мен көлік тәркіленді. Барлық фактілер бойынша прокуратура органдары мұқият қадағалауды қамтамасыз етіп, жазадан бұлтартпау қағидасы сақталды", - деп хабарлады БҚО прокуратурасында.

Атап айтсақ, қыркүйек айының аяғында заңсыз аңшылық (ҚК 337-бабы) және сирек кездесетін жануарлармен заңсыз айналысқаны (ҚК 339-бабы) үшін Тайпақ ауылының екі тұрғыны айыпты деп танылған Ақжайық аудандық сотының үкімі заңды күшіне енді. 74 бас киікті жойғаны үшін олардан 246 млн теңге залал өндірілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар