"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгіленді

07 наурыз, 2018, 09:21 1965

Стипендиядан үміткерлер құжаттарын 2018 жылдың 19 наурызы мен 31 тамызы аралығында тапсыруы тиіс.

ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық "Болашақ" стипендиясының құжат қабылдау мерзімін бекітті, деп хабарлады Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Стипендиядан үміткерлер құжаттарын 2018 жылдың 19 наурызы мен 31 тамыз аралығында тапсыруы тиіс, ал конкурстық мерзім 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтеді.

"Болашақ" стипендиясынан өзге қазақстандықтар үшін шет елде ақысыз оқудың басқа да жолдары бар", - деп атап өтті Халықаралық бағдарламалар орталығы.

Осы жылы мемлекетаралық келісімдер арқылы 10 мың грант бөлінді. Қазірде Ресей, Қытай, Польша, Түркия, Малайзияның жоғарғы оқу орындарына түсу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #халықаралық стипендия #Білім және ғылым министрлігі #білім беру

Читайте также

Похожие новости