«Болашақ» студенті 25 млн теңгеден астам қарыз төлеуі тиіс

01 наурыз, 2017, 12:23 692
«Болашақ» студенті 25 млн теңгеден астам қарыз төлеуі тиіс

2009 жылы шетелдерде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен азамат С.-ға «Құрылыс және сәулет» мамандығы бойынша Ұлыбританияда білім алуы үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілген, деп хабарлайды BNews.kz

 

Осыған байланысты, азамат С. және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» арасында білімді ұйымдастыруға шарт жасалды. Соған сәйкес жауапты тұлғаның академиялық оқу үлгерімі кем дегенде жақсы деп бағалануы керек.

Сотта белгілі болғандай, жауапты үлгерім талаптарын орындамаған. Осылайша, шарт талаптарын бұзған. Сондықтан да «Болашақ» халықаралық стипендиясынан айрылып қалды. Сондай-ақ, ол шетелдегі білім алуымен байланысты барлық шығынды қайтаруы тиіс.

Астана қаласы Алматы аудандық сотының шешіміне сәйкес, азамат «С»-дан «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның пайдасына 25 675 842 теңге қарыз өндіріп алынды.

Шешім заңды күшіне енді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Болашақ бағдарламасы

Читайте также

Похожие новости