"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда - Жаңалықтар | BNews

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы әлеуметтік желілерде белсенді талқылануда

06 ақпан, 14:53 2688 Астана

Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жарияланғанына бір жыл өтпесе де, түрлі медиаресурстар, әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы кең және жан-жақты талқылануда.

Әлеуметтік желілер бүгінгі таңда Интернетте ең көп қаралатын ресурстардың бірі. Digital in 2017 жылдық есебінің мәліметтеріне сәйкес, шамамен 2,8 миллиард адам бүкіл әлемде кем дегенде айына бір рет әлеуметтік желілерді пайдаланады, яғни, әлеуметтік желілерді жаһандық тұтыну 2016 жылы 21%-ға өсті, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Digital in 2017 соңғы мәліметтері көрсетіп отырғанындай, әлем халқының үштен бірі, яғни 2,5 млрд адам әлеуметтік желілерге ұялы гаджеттер арқылы кіреді және де әрбір интернет-пайдаланушы күн сайын әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 сағат және 19 минут уақыт отырады. Әрбір секунд сайын 18 жаңа әлеуметтік желі пайдаланушы тіркеледі.

Президент өзі атап өткендей, "жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді". Қоғамдық сананы жаңғырту ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды өсуіне ықпал етеді, ал ол өз кезегінде тек құндылықтар мен басымдықтарды ғана емес, сонымен қатар, талқылау форматтарын мен тақырыптар мазмұнын да өзгертеді. Ал Қазақстан азаматтары, әсіресе, жастар онлайн пікірталастар мен пікіралмасулар режиміне ауысуда.

Осы орайда биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы тиімді мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік органдар нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін заманауи цифрлық технологияларды қолдануға тиіс деген міндетінің өзектілігін атап өту керек.

Қазақстандықтардың арасында Интернет пайдаланушыларының жоғары деңгейін ескере отырып, бағдарламалық мақаланы талқылаудың тиімді құралдарының қатарына түрлі әлеуметтік медиа құралдардың (Facebook, Instagram, YouTube, Twitter, Вконтакте және басқа да блогтар) алаңдарын қосуға болады.

Сондықтан, әлеуметтік желілердегі ақпараттарды талдау қызықты бағыттарының бірі. Біріншіден, микроблог ақпаратқа бай дереккөз болып саналады. Екіншіден, әлеуметтік желілерде ақпараттық ашық және айқын сипатта, сонымен қатар жақсы талданады. Үшіншіден, көптеген зерттеушілер үшін әлеуметтік желілердің мәліметтерінің қызықты болуы микроблогтардағы хабарлардың пайда болуы нақты уақыт режимінде жүзеге асуымен байланысты. Әлеуметтік желілердегі пікірлерді қоғамның түрлі топ өкілдері білдіреді, ол азаматтардың ұстанымын танытады.

2017 жылдың сәуір-қараша айында Институт жүргізген әлеуметтік медианы талдау негізінде бағдарламалық мақаланың талқылаудың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

Біріншіден, "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын белсенді талқылау байқалады. Мақаланың бағдарламалық жобаларын талқылау үрдісі мен көпшіліктік пікірталастар оның жеке тармақтары шеңберінде тоғысқан. Атап айтқанда, қоғамдық пікірталастар қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі мен "Туған жер" жобасы мәселесіне қатысты белсенді жүзеге асты.

Бұл үрдіс осы бағытқа қатысты ақпараттық материалдардың басымдығымен байланысты. Мысалы, парламенттік тыңдаулар барысында қазақ тілінің латын қарпіндегі бірыңғай стандарты тұсаукесерінің орын алуына қатысты осы мәселе бойынша әлеуметтік медиа аудиториясының қызығушылығы айтарлықтай өсті. Әлеуметтік медиа пайдаланушылар "100 жаңа есім" жобасына қызығушылық танытты.

Екіншіден, жарияланымдар ең көп саны әлеуметтік желілер бойынша Facebook алаңында орын алған, ол - 73%, тақырыптың талқылануы негізінен сараптамалық қоғамдастық тарапынан басым болды.

Үшіншіден, әлеуметтік медианың негізгі ерекшеліктерінің бірі тақырыптық хэштегтерді пайдалану мүмкіндігімен байланысты. Көптеген пайдаланушылар тарапынан қолдауға ие болған хештегтер тренд жасауға және сол арқылы талқылауға тағы да көбірек пайдаланушыларды тарту мүмкіндігін тудырды. Осылайша, бағдарламалық мақала аясында келесі хэштегтер іске қосылды: #руханижаңғыру, #рухани, #100новыхлиц, #100жаңа есім, #болашаққабағдар, #latin, #МодернизацияСознания, #Туғанжергетағзым, #ry'hani'jan'g'yry', #latynqarpi, #Қазақстанкиеліжерлер, #Қазақстан100нысан, #Атамекенім, #туғанжер және т.б.

Төртіншіден, "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының жекелеген бағыттарын онлайн талқылау түрлі онлайн-форумдар арқылы кең таралды, оларды орталық мемлекеттік органдар да, жергілікті атқарушы органдар да белсенді түрде ұйымдастырып отырды.

Осылайша, әлеуметтік желілерде бағдарламалық мақаланы қоғам тарапынан талқылаудың жеткілікті белсенділігі байқалды. Қазіргі уақытта, цифрлық ғасырдағы мемлекеттік басқаруда қоғамдық көмекті пайдалану "краудсорсинг" деп аталады, яғни тұрғындарды шешім қабылдайтын "ресурс" ретінде қолдану мүмкіндігі деп аударуға болады. Бұл әдістің негізгі артықшылықтарының бірі - мәселелердің кең ауқымын талқылау үрдісіне азаматтардың басым бөлігін тарту мүмкіндігі.

Шешімдер қабылдау үрдісіне жұртшылықтың кең ауқымын тарту мүмкіндігі деп мысал ретінде "Ашық үкіметті", нақты айтар болсақ "Ашық диалог" порталын келтіре аламыз, сондықтан да Н. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарының белсенді талқылануын портал мен тұрғындар арасындағы пікір алмасу мүмкіндіктері одан әрі күшейтеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары