"Болашақ" стипендиясы мамандарды даярлаудың табысты платформасына айналды – Әбдіқалықова 

25 қыркүйек, 2018, 18:21 1595

2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Білім беру тәжірибесінен креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға көшу, қажетті ақпаратты таба білу, оны ұтымды пайдалану ғаламдық дамудың маңызды мегатренді болып саналады" деген сөзінің мәніне тоқталды. Қарқынды  технологиялық даму жағдайында мамандар өз кәсібін өзгертуге, сондай-ақ білімдерін өмір бойы жаңартып отыруға дайын болуы керек.

"Бүгінде "Болашақ" стипендиясы осындай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың табысты платформасына айналып отыр", – деді Мемлекеттік хатшы.

2018 жылға жалпы саны 555 стипендия бөлінді.   

Комиссия жұмысының барысында "Болашақ" стипендиясы тағайындалатын үміткерлердің тізімі, сондай-ақ стипендияны іске асыруға қатысты бірқатар мәселе қарастырылды.

Комиссия шешімімен 142 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша әлемдегі жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарға оқуға жіберілетін болады.

Басқосу қорытындысы бойынша Гүлшара Әбдіқалықова "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Гүлшара Әбдіқалықова #Болашақ бағдарламасы

Читайте также

Похожие новости