Боранға байланысты ШҚО жолдары Ресей шекарасына дейін жабылды

04 ақпан, 2019, 11:35 1644
Боранға байланысты ШҚО жолдары Ресей шекарасына дейін жабылды

Жолдар таңғы 06:00-ден бастап бір және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне жолға шығуға тыйым салынды.

Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы жолдарда тіркемесі бар жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бүгін таңертеңнен бастап Глубокое мен Шемонаиха жолының 16-102 шақырымында жүк көліктеріне жолға шығуға тыйым салынды", - деп хабарлады "Қазақавтожол" ЖШС баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, боран салдарынан "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" жолының 108-123 шақырымы аралығындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасына дейінгі жол да жабық тұр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #жол жабық #ауа райы #жүк көлігі

Читайте также

Похожие новости