Бозымбаев энергия өндірушілер үшін электр энергиясының шекті тарифтері бекітілетінін айтты

26 қараша, 2018, 11:37 1792 Астана
Бозымбаев энергия өндірушілер үшін электр энергиясының шекті тарифтері бекітілетінін айтты

Министр энергетикалық кәсіпорындардың өтініштері де ескерілгенін мәлімдеді.

Үкімет отырысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергиясы тарифтері қалай төмендейтінін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес электр энергиясының шекті тарифтерінің объективті деңгейін белгілейтін жұмыстар аяқталуға жақын екен.

"Өткен аптада алдын ала нәтижелер Президент әкімшілігі, Бас прокуратура мен мемлекеттік органдар мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен құрылған жұмыс тобында аталған мәселе қаралды. Онда электр энергиясына шекті тарифтердің ұсынылған деңгейі талқыланды. Электр энергиясы бағасын орташа өлшем дейгенінен қазіргі шекті тарифтен төмендету тәсілі қолдау тапты", - деді министр.

Осы орайда Бозымбаев түпкі тұтынушыларға электр энергиясы бағасын төмендету мақсатында қуатқа шекті тариф мөлшері 1 мегаватт үшін 590 мың теңге бекітілетінін атап өтті.

"Нәтижесінде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми ұстанымы есепке алынды. Осы күннің соңына дейін тиісті бұйрық жобасы Әділет министрілігіне енгізу жоспарланып отыр. Осы апта соңына дейін қуатқа жаңа төменделтілген шекті тарифтің деңгейін бекіту жоспарға алынды", - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, аталған жұмыстар нәтижесінде энергия өндірушілер үшін электр энергиясының шекті тарифтері бекітіледі.

Сонымен қатар министр энергетикалық кәсіпорындардың өтініштері де ескерілгенін мәлімдеді.

"Біріншіден, электр станциялары үшін бүгінгі күні көмір бағасын сақтау және делдалдық жүйесін жою маңызды. Екіншіден, 2019 жылы бірінші қаңтардан бастап, энергия беруші және энергия жабдықтаушылардың тарифтерін қазіргі деңгейден төмендету қажет", - деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар