Brent маркалы мұнайдың бағасы өсті

22 қаңтар, 2019, 09:30 1193
Brent маркалы мұнайдың бағасы өсті

Cауда қорытындылары бойынша, аталған мұнайдың фьючерстері 0,27 долларға көтеріліп, бір баррелінің құны 62,85 долларды құрады.

Дүйсенбі күні Лондон биржасында өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

Cауда қорытындылары бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,27 долларға көтеріліп, бір баррелінің құны 62,85 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 21 қаңтар күні жыл сайын қаңтардың үшінші дүйсенбісінде атап өтілетін АҚШ ұлттық мерекесі - Мартин Лютер Кинг күнін (Martin Luther King Day) тойлауға байланысты сауда өткізілген жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар