Бүгін – Көрісу күні - Жаңалықтар | BNews

Бүгін – Көрісу күні

14 наурыз, 2018, 09:50 1385
Бүгін – Көрісу күні

Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.

Мереке күні мол дастархан жайылады. Бауырсақ пісіріліп, дастарханға тәтті мәзірлер қойылады. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады, деп хабарлайды BNews.kz

Бір-біріне "Бір жасыңмен!" дейді. Ол "Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!" дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. 

Атаулы күн, негізінен, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Ақтөбенің кейбір ауданында аталып өтетін. Соңғы жылдары Қазақстанда мейрам аясы кеңейіп келеді. 

Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Бұл мерекені Маңғыстау өңірінің жұрты Амал мерекесі деп те атайды.

Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар