Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні

Написать нам
15 қараша, 2018, 10:29 1723
Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні

Осыдан 25 жыл бұрын Ұлттық валютамыз айналымға енді.

Бүгін Ұлттық валюта – теңге күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі, деп хабарлайды BNews.kz. Төл валютамыздың тарихына көз жүгіртетін болсақ:  1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Сосын теңге авторлары Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада кешке аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.

Теңгеде тарихта белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланылды. Бір теңгелік банкнотқа Әбу Насыр әл-Фараби, үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалса, екі жүз теңгеден жоғары купюралардың бәріне (500, 1000, 2000, 5000) Әбу Насыр әл-Фарабидің бейнесі басылды.   

Айта кетерлігі, теңгенің алғашқы 5 мыңдық купюрасы 1998 жылы, ал 10 мыңдық банкнот 2003 жылы пайда болған еді. Ал қағаз тиындардың орнына жезден жасалған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар 1994 жылы шығып қойған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар