Бүгін Алматыда "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық тәртіп" форумы өтуде - Жаңалықтар | BNews

Бүгін Алматыда "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық тәртіп" форумы өтуде

02 ақпан, 10:47 1675 Алматы
Бүгін Алматыда

Оның аясында технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды BNews.kz PrimeMinister.kz сілтеме жасап.

Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық тәртіп" форумы өтеді, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады. 

Форум жұмысына Арменияның Премьер-министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-министрі - Д. Медведев, сондай-ақ  Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.

Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.  

Форумның онлайн-таратылымын 2 ақпанда 11:00-де PrimeMinister.kz сайтынан және Фейсбук, ВКонтактеТвиттерПерископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонға арналған мобильді қосымшалардан көруге болады. 

Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.

Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-министрі - К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі - А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-министрі - С. Исаков, Ресей Федерациясының Премьер-министрі - Д. Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссиянның Алқа Төрағасы Т. Саркисян қатысады деп болжанып отыр.

Шағын құрамда цифрлық тәртіп мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған.     

Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатты қабылдау жоспарланған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары