Бүгін Астанада Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

11 желтоқсан, 2018, 10:27 1898 Астана
Бүгін Астанада Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтеді

Телекөпір барысында индустриалдық, инновациялық, инфрақұрылымдық және энергетикалық маңызы зор ауқымды жобалар іске қосылады.

Бүгін Елбасының қатысуымен өтетін "Индустрияландырудың екінші бесжылдығы. Қазақстанда жасалған" жалпыұлттық телекөпір аясында бірнеше индустриялық жоба іске қосылады, деп хабарлайды BNews.kz.

Сонымен қатар іс-шара барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Алтын сапа", "Парыз" сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді.

Телекөпірге Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысады.

Ауқымды шара "EXPO Конгресс орталығында" сағат  13.00-де басталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар