Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз, Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі - Жаңалықтар | BNews

Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз, Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

20 ақпан, 09:11 646
Бүгін ауа райы жауын-шашынсыз, Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі

Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашын болмайды, оңтүстіктен екпіні 2-7 м/с жел соғады, ауа температурасы -8-10 градус.

20 ақпанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерінде қар жауып, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с аса болуы ықтимал.

Алматы облысының кей жерінде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с, күндіз екпіні 28 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерде жел 15-25 м/с күшеюі ықтимал.

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданында түнде жел 18 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын болады.

Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары