Бүгін ауа райына байланысты Астана мен Алматы мектептерінде сабақ болмайды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін ауа райына байланысты Астана мен Алматы мектептерінде сабақ болмайды

29 қаңтар, 09:37 1070
Бүгін ауа райына байланысты Астана мен Алматы мектептерінде сабақ болмайды

Еліміз бойынша аязды ауа райы әлі де сақталуда.

29 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының білім басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ бүгін ауа райының колайсыздығына байланысты Алматы қаласы мектептерінің бірінші ауысымындағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды, деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасы.

Шығыс Қазақстан облысында да суық қайтқан жоқ, бүгін Өскеменде де мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары