Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

15 қазан, 2018, 09:28 1833
Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы болады

Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі. Көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с-дан асады.

Түркістан облысының кей жерінде тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Aқмола, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Aлматы, Маңғыстау облыстарының кей жерінде күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Aтырау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!