Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынды - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынды

17 сәуір, 09:25 1692 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін еліміз бойынша  ауа райы жауын-шашынды

Атмосфералық ауа ағымдарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады. Оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.

Елдің оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріліп, күндіз бұршақ жауады деп күтілуде. Кей жерде тұман, екпінді жел сақталады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде найзағай болып, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, қатты жел соғып, найзағай жарқылдайды.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерінде тұман түседі.

Ұқсас жаңалықтар

`