Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз

31 қаңтар, 09:24 889
Бүгін еліміз бойынша ауа райы жауын-шашынсыз

Республика аумағы әлі де антициклонның ықпалында болады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Алматы облысының кей жерінде жел күшейіп, жылдамдығы 24-29 м/с-ке жетеді, түнде өңірдің басым бөлігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, жел жылдамдығы 15-20, кейде 23 м/с-ке күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Маңғыстауда, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады деп болжануда.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі. Алматы мен Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары