Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

06 наурыз, 2018, 09:31 1142
Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында түнде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай, Ақтөбе облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде жаяу бұрқасынмен. Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күші 15-23 м/с болады, Батыс Қазастан облысында бұрқасын болуы ықтимал.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар