Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы - Жаңалықтар | BNews

Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

31 шілде, 09:18 1692
Бүгін еліміз бойынша ауа райы құбылмалы

Қазақстанның бірнеше қаласында дауылды ескерту жарияланды.

31 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысында найзағай ойнап, кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Көкшетауда түнде және таңертең 31 шілдеде қатты жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, тұман түседі.

31 шілде – 2 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел, шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық ауа райы күтіледі. 

Қызылорда, Туркістан,  Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл,  Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары